Дастан Амангелді Вячеслав Свищевтың ұсынысына жауап берді

NAIZA чемпионы Дастан Амангелді RCC лигасында реванш өткізу жайында Вячеслав Свищевтың ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Sport+:
«Мұхиттың арғы бетінде жұдырықтасып, сол жақта келісім шарттар жасайтын мақсатым бар. Жоспарым кейінге қалып жатса, бұл нәрседе мән қалса, реваншқа келісуге болады. Өйткені бірінші жекпе жекте мен сені жеңіп алдым. Жақсы ақшаға қай жерже болмасын төбелесуге дайынмын», - деп жазды Дастан әлеуметтік желіде.