Анна Данилина ақтық сында сүрінді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен ірі турнирде жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Финалда Данилина мен ресейлік Диана Шнайдер америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схурспен кездесіп, жеңіліс тапты.
Төртінші нөмірмен тіркелген Мухаммад пен Схурс жұбы 7:5, 6:7 (3:7), 10:4 есебімен жеңіске жетті. Ал Шнайдер мен Данилина екінші нөмірмен тіркелген болатын.
Матч 1 сағат 44 минутқа созылды. Айта кетейік, Анна мен Диана бұл турнирде алғаш рет жұп болып өнер көрсетті.
Сонымен қатар Данилина WTA жұптық рейтингінде 9-орында тұр.