Рыбакина мен Путинцева жартылай финалдық жолдама үшін таласады

Қазақстан құрамасының теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Спортшылар жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде.
Рыбакина мен Путинцева 1/8 финал кезеңінде испаниялық Кристина Букша мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя жұбын жеңді.
Кездесу 6:3, 5:7, 10:6 есебімен аяқталды.
Жартылай финалға шығу үшін Елена мен Юлия нидерландтық Деми Схюрс пен америкалық Эйжи Мухаммадқа қарсы ойнайды.