Рыбакина Роллан Гаррос турнирінің қазіргі чемпионынан жеңілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Роллан Гаррос турнирінің 1/8 финалында польшалық Ига Швёнтекпен (5-орын) кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Бұл матчтың нәтижесінде Франция ашық чемпионатының қазіргі жеңімпазы 1:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінен шығып қалды. Ол бұл жарыстан 265 000 еуро табыс тауып, 240 рейтингтік ұпай иеленді. Ал Швёнтек жарысты жалғастырады, келесі қарсыласы — украиналық Элина Свитолина.