Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі қарсыластарын білді

Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі қарсыластарын білді

Теннистен WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші топқа түсті. Ол топтық кезеңде Коко Гауфф, Джессика Пегула және Линда Носковамен кездеседі.

Екінші топта Арина Соболенко, Мирра Андреева, Элина Свитолина және Каролина Мухова өнер көрсетеді.

Биыл WTA қорытынды турнирі АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде былтырғы чемпиондық атағын қорғауға тырысады. 2025 жылы қазақстандық теннисші қатарынан бес кездесуде жеңіске жетіп, финалда Арина Соболенконы ұтқан болатын.

Турнир 8 қарашада басталады.
 



Күн шежіресі