Қазақстан U-19 құрамасының Еуропа чемпионаты-2027 іріктеуінің екінші кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімі
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2026/27 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші раундында бақ сынайды. А лигасының А2 тобындағы матчтар 11-17 қараша аралығында Шотландияда өтеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Бельгия, Косово және Шотландия командаларымен бір топқа түсті.
Тимур Қасымовтың шәкірттері шағын турнир аясында үш матч өткізеді. 11 қарашада Қазақстан құрамасы алаң иелері Шотландиямен кездессе, 14 қарашада Бельгияға қарсы ойнайды. Ал 17 қарашада Косово құрамасымен матч өткізіп, турнирдегі өнерін аяқтайды.
Жарыс ережесіне сәйкес, А лигасының әр тобында үздік үштікке енген командалар жоғары дивизиондағы орнын сақтап, 2027 жылдың көктемінде өтетін іріктеудің үшінші раундында Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін күресті жалғастырады.
Егер бос орын пайда болса, оның ішінде турнир қожайыны Чехия іріктеуден өткен командалардың қатарында болған жағдайда, үшінші раундқа жолдама төртінші орын алған құрамалардың арасындағы үздік командаға беріледі.
Қазақстан U-19 құрамасына шақырту алған футболшылар тізімі:
Қақпашылар: Бақтияр Алдашев («Қайрат»), Никита Килджиев («Шахтер»), Мадияр Төлеубек («Батыр»).
Қорғаушылар: Нұралы Азатқазы («Шахтер»), Санат Нұрболат, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалиқұлов, Абдулазиз Мамедов (барлығы — «Қайрат»), Данил Соболев, Әділет Сансызбай (екеуі де — «Тұран»), Әлихан Жексенбек («Астана»), Шыңғыс Қалиев («Кастельон», Испания), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»).
Жартылай қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Евгений Петрик, Төре Исмағұлов, Қайсар Малаев, Әлиден Мұсайыпов (барлығы — «Қайрат»), Аламгир Смақов («Бешикташ», Түркия), Дінмұхамед Махмудов («Оңтүстік»), Арафат Молдағалиев, Рамзес Рашидов (екеуі де — «Тұран»).
Шабуылшылар: Абылай Төлеухан, Дәулет Орынбасар, Ермұхамед Керімхан, Абылай Жылқайдар (барлығы — «Қайрат»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Шахмурат Дәулетов («Генк», Бельгия).
Жаттықтырушылар штабы:
Тимур Қасымов — аға бапкер, Рустам Фардиев — аға бапкерінің көмекшісі, Евгений Овчинников — қақпашылар бапкері, Рамиль Акбаров — дене даярлығы бапкері, Алексей Анкудинов — сарапшы, Илья Блинов — бейнеоператор, Нұрсұлтан Балтабеков — дәрігер, Еламан Саурбаев — массажист, Айдос Салин — массажист, Әнуар Жандарбеков — менеджер, Шыңғыс Өмірбаев — әкімші.