Станимир Стоиловтың командасы сырт алаңда «Фенербахчені» жеңді (видео)

Станимир Стоиловтың командасы сырт алаңда «Фенербахчені» жеңді (видео)

Түркия Суперлигасының 10-туры аясында Станимир Стоилов жаттықтыратын «Гезтепе» сырт алаңда «Фенербахчеден» басым түсті.

Ыстамбұлда өткен кездесу қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

«Гезтепе» сапында Армстронг пен Андре гол соғып, командасының жеңісіне үлес қосты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Гендузи соқты.

Осылайша, «Гезтепе» сырт алаңда маңызды үш ұпайға қол жеткізді.



Күн шежіресі