«Бешікташ» өз алаңында жеңілмеген «Қасымпашаға» қонаққа барады. Кездесудің тікелей эфирі

«Бешікташ» өз алаңында жеңілмеген «Қасымпашаға» қонаққа барады. Кездесудің тікелей эфирі

Футболдан Түркия Суперлигасының 10-туры аясында Ыстамбұлдың «Бешікташ» клубы сырт алаңда «Қасымпашамен» кездеседі.

«Бүркіттер» биылғы маусымда сырт алаңдағы ойындарда тұрақты нәтиже көрсете алмай жүр. Команда Түркия Суперлигасында қонақта өткізген төрт матчтың үшеуінде жеңіліске ұшыраған.

Енді «Бешікташ» өз алаңында әлі жеңіліп көрмеген «Касымпашаға» қарсы ойнайды. Кездесу алдындағы тағы бір маңызды жайт — команда капитаны Оркун Көкчю мен итальяндық жартылай қорғаушы болмауы. Олардың қатыспауы қонақтардың позициялық шабуылдарды ұйымдастыруын қиындатуы мүмкін.

Кездесу сағат 21:00–де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі