Дирк Кюйттің алғашқы сынағы: «Фенербахче» – «Гезтепе» матчының тікелей эфирі
Түркия Суперлигасының 9-турында «Галатасарайдан» жеңілгеннен кейін «Фенербахче» бас бапкерін қызметінен босатты.
Қазіргі уақытта команданың бас бапкері міндетін клубтың бұрынғы ойыншысы, Нидерланд құрамасы мен «Ливерпульдің» экс-шабуылшысы Дирк Кюйт атқарып жүр.
Енді нидерландтық маманды тәжірибелі Станимир Стоилов жаттықтыратын «Гезтепеге» қарсы күрделі сынақ күтіп тұр.
Кездесу сағат 21:00–де басталады.
Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.