Қуат Хамитов: Тірі жүргенімде өліп, қайта тіріле беремін
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Душанбеде өткен ACA турниріндегі жеңісінен кейін баспасөз мәслихатында мансабындағы кезекті серпіліске қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport+.
«Тірі жүргенімде өліп, қайта тіріле беремін. Сондықтан біз бәрін енді ғана бастап жатырмыз», — деді Хамитов.
— Қазір қатарынан бірнеше жекпе-жекте жеңіске жетіп жүрсің. ACA лигасында келесі кездесуді кімге қарсы өткізгің келеді?
— Біз бәрін келісіп қойдық. Мәскеуге барамын да, ештеңе көрмеу үшін көзімді байлаймын. Сосын Sherdog сайтын ашып, Алексей Махноның соңғы үш қарсыласын қараймыз. Мен олардың арасынан кездейсоқ біреуін таңдаймын. Кім түссе де, оны октагонға шығарып, нокаутқа түсіремін де, ұйымнан кетіремін.