«Фенербахче» жаңа бас бапкерін таныстырды

«Фенербахче» жаңа бас бапкерін таныстырды

Футболдан Түркия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эмре Белезоғлу ресми түрде «Фенербахче» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Эмре бұған дейін «Башакшехир», «Анкарагюджю», «Антальяспор» және «Касымпаша» командаларын жаттықтырған. Сондай-ақ ол «Фенербахче» клубында спорт директоры қызметін атқарып, 2020/21 жылғы маусымда 10 матч бойы бас бапкердің міндетін уақытша орындаған.

Футболшы ретінде де стамбұлдық клубтың намысын қорғап, 200-ден астам матч өткізіп, 33 гол соққан.

Сонымен қатар Белезоғлу ойыншылық мансабында Италияның «Интер», Англияның «Ньюкасл», Испанияның «Атлетико», сондай-ақ Түркияның «Галатасарай» және «Башакшехир» клубтарында өнер көрсеткен.

Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен «Фенербахче» алғашқы кездесуін 8 қарашада «Чорумға» қарсы өткізеді.

Аталған матчты Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
 



Күн шежіресі