Қазақстан құрамасы триатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы триатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы триатлоннан 7-8 қараша күндері Гонконгта өтетін әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сапына үш спортшы кірді. Атап айтқанда, Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев және Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Арлан Жаңабай жақында Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді.

Ерлер арасындағы жарыстар 7 қарашада өтеді. Бұл бәсекеде жалпы 65 спортшы бақ сынайды.



Күн шежіресі