Триатлоншы Егор Крупяков Азия кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Триатлоншы Егор Крупяков Азия кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.

Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол 1 сағат 54 минут 6 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық Арлан Жаңабай 12-орынға, ал Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады.



Күн шежіресі