Жания Бекмұхамбетова Венгриядағы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Жания Бекмұхамбетова Венгриядағы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Венгрияның Сомбатхей қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender Szombathely» халықаралық жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Қостанайлық 13 жастағы Жания Бекмұхамбетова 15 жасқа дейінгі (U15) спортшылар арасында өнер көрсетіп, үшінші орын иеленді. Қазақстандық теннисшінің жаттықтырушысы — Юлия Даниярова.

Қола жүлдеге барар жолда Жания Венгрия, Молдова, Польша және Румыния өкілдерін жеңді.

Ал жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Катар өкіліне есе жіберіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.



Күн шежіресі