logo

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Данилина жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының ширек финалында бірінші нөмірлі жұп — чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.



Күн шежіресі