Ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азиадада күміс медальға ие болды

Ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азиадада күміс медальға ие болды

Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді.

Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.

Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды — 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды — 1:49.585.



Күн шежіресі