Александр Бублик мансабында алғаш рет Франция ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» – 2025 турнирінде сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.
Үшінші айналымдағы матчта Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы португалиялық Энрике Рошаны (ATP рейтингінде әлемнің 200-ракеткасы) сенімді түрде 7:5, 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Франция ашық чемпионатының ширек финалына шығу үшін Бублик әлемнің бесінші ракеткасы, британиялық Джейк Дрейпермен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Александрдың Париж корттарындағы жеке сында ең үздік нәтижесі — екінші айналымға шығу болған. 2021 жылы ол Андрей Голубевпен бірге French Open турнирінің жұптық сынында финалға дейін жеткен еді.