Анна Данилина Испаниядан жеңілудің себептерін түсіндірді

Анна Данилина Испаниядан жеңілудің себептерін түсіндірді

Қазақстан теннис құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Sport+ арнасына берген сұхбатында Испаниядан жеңілудің себептері туралы айтты:

«Матч өте қиын өтті, пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер көп болды. Өте өкінішті, соңында осылай аяқталғаны қынжылтады… Барымызды салдық, бірақ нәтиженің бұлай болғаны өкінішті.

Біз Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде бірінші жыл өнер көрсетіп отырған жоқпыз. Бұл — керемет нәтиже. Бізде жақсы команда бар, мен өз командамызға сенемін», — деді Анна. 

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді.

Beeline-нан тиімді бағадағы үй интернеті — бірде-бір турнирді жіберіп алмау үшін 24 сағат ішінде қосылады.



Күн шежіресі