Қазақстан Испаниямен ширек финалдық кездесуде есепті теңестірді

Қазақстан Испаниямен ширек финалдық кездесуде есепті теңестірді

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі Испанияға қарсы ширек финалдық кездесуде есепті теңестірді.

Ойын күнінің екінші жекелей матчында Қазақстан өкілі Юлия Путинцева Кристина Букшамен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 52 минутқа созылды.

Матч барысында Путинцева 4 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Путинцеваның жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы ширек финалдық кездесуде есепті теңестірді — 1:1.

Осылайша, Билли Джин Кинг кубогының жартылай финалына жолдама иегері шешуші жұптық кездесуде анықталады.

Жұптық матчта Қазақстан атынан Анна Данилина мен Жібек Құламбаева өнер көрсетеді. Испания құрамасының атынан Кристина Букша мен Сара Соррибес Тормо мәлімделген.

Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.



Күн шежіресі