Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарын жеңіспен бастады
Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында екі жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет Бангладеш өкілдері Лаки Хатун мен Сабина Хатуннан 2:0 есебімен басым түсті.
Ал Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова Қатар құрамасының өкілдері Лейла Бахманзаде мен Хайя Ашрафты 2:0 есебімен жеңді.