Қазақстан – Испания: алғашқы матчта испаниялық теннисші жеңіске жетті
Испания әйелдер құрамасы Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі Қазақстанға қарсы ширек финалдық кездесуде 1:0 есебімен алға шықты.
Ойын күнінің алғашқы матчында Қазақстан өкілі Соня Жиенбаева Джессика Бузас Манейромен кездесті. Испаниялық теннисші екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 2 минутқа созылды.
Осылайша, Испания матчтық кездесуде 1:0 есебімен алға шықты.
Екінші жекелей сында кортқа Юлия Путинцева мен Кристина Букша шығады. Қазақстандық теннисші есепті теңестіріп, кездесу тағдырын шешуші жұптық матчқа жеткізу үшін жеңіске жетуі қажет.
Жұптық матчқа берілген алдын ала өтінім бойынша Қазақстан атынан Анна Данилина мен Жібек Құламбаева, ал Испания атынан Кристина Букша мен Сара Соррибес Тормо өнер көрсетеді.
Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.