Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогындағы өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогындағы өнерін аяқтады

Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының баламасы саналатын Билли Джин Кинг кубогындағы өнерін аяқтады.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Испанияға үш матчқа созылған тартыста 1:2 есебімен есе жіберді. Алғашқы жекелей сында Соня Жиенбаева Джессика Бузас Манейродан 2:6, 2:6 есебімен жеңілді. Одан кейін Юлия Путинцева Кристина Букшаны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіп, жалпы есепті теңестірді.

Шешуші жұптық кездесу болды. Онда Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Букша мен Сара Соррибес-Тормоға 2:6, 5:7 есебімен жол берді.

Испания құрамасы жартылай финалға шығып, онда Чехиямен кездеседі. Өзге ширек финалдық матчтарда Украина Бельгиямен, ал Италия Қытаймен ойнайды.

Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.



Күн шежіресі