Семсерлесуші Артем Саркисян Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық семсерлесуші Артем Саркисян Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз ерлер арасында қылыштасудан жекелей жарыста жүлдеге ие болды.
Ширек финалда Саркисян Оңтүстік Корея өкілі До Гёндонды 15:14 есебімен жеңді. Ол командалық жарыста Олимпиада чемпионы.
Жартылай финалда Артем тағы бір оңтүстіккореялық семсерлесуші О Сан Укпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласына 9:15 есебімен есе жіберіп, жекелей жарысты қола медальмен аяқтады.
О Сан Ук — үш дүркін Олимпиада чемпионы. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында ол жекелей және командалық жарыста жеңіске жетсе, 2020 жылы Токиодағы Олимпиадада командалық бәсекеде топ жарған.