Астанаға АҚШ пен Канада бокс құрамалары келді

Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында тұңғыш рет бокстан World Boxing ұйымының Әлем кубогі өтеді. 32 елдің боксшылары қатысатын жарыстың қатысушылары қазірден бастап Қазақстанға келе бастады, деп хабарлайды Sport+
Ең бірінші Астанаға Канада және АҚШ құрамалары келіп жетті. Оның себебі алдағы 2 апта бойы бұл командалар Қазақстандағы бірлескен оқу-жаттығу жиынында шынығады. Қос команда да елімізге үлкен құраммен келген. Оның ішінде ерлер және әйелдер бар. Бұл - Америка мен Канаданың бірінші құрамы.
Астанадағы оқу-жаттығу жиынында Қазақстан, АҚШ, Канада, Британия, Франция, Сербия және тағы басқа елдердің боксшылары бас қосады.