Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогы кезеңін бес алтын медальмен аяқтады
Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңіндегі өнерлерін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық ірі турнирде Қазақстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды.
Ел қоржынына соңғы алтын жүлдені Айбек Оралбай салды. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы германиялық Никита Путиловты жеңді.
Бұған дейін турнир жеңімпаздары атанғандар:
Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін);
Назым Қызайбай (54 келіге дейін);
Виктория Графеева (60 келіге дейін);
Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін).
Ал қола медаль иегерлері:
Аида Әбікеева (65 келіге дейін);
Валерия Аксенова (80 келіге дейін);
Дина Исламбекова (80 келіден жоғары).
Осылайша, Қазақстан құрамасы Гуйяндағы Әлем кубогының екінші кезеңін бес алтын және үш қола медальмен аяқтады.