logo

Веретенников UFC-дегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Веретенников UFC-дегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC-дегі екінші жекпе-жегі алдында 79,38 кг салмақ көрсетті, деп хабарлайды Sport+.

Қысқа мерзімді шақыртуға байланысты Веретенников пен лига дебютанты Остин Вандерфорд аралық салмақта (catchweight) өнер көрсетеді. Остиннің де ресми салмағы – 79,38 кг.

Бұл Веретенников үшін UFC-дегі екінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол Дэнни Барлоуға төрешілердің бөлек шешімімен (split decision) жеңілген.

Кездесу сенбіден жексенбіге қараған түні өтеді.