logo

Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров: Мамыр айына дейін Белалға дайындалып үлгере алмайтын едік

Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров: Мамыр айына дейін Белалға дайындалып үлгере алмайтын едік

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров UFC 315 турниріндегі Белал Мұхаммадпен жекпе-жектен бас тарту туралы, деп хабарлайды Sport+ «Спорт Шредингер» сайтына сілтеме жасап.

«Біз тәуекелге бармауды жөн көрдік. Шавкат әлі толықтай жазылған жоқ, әрі бұл — Рамазан айы. Біз мамырға дейін дайындалып үлгере алмайтын едік. Егер жекпе-жек жазға белгіленсе, онда дайындыққа уақытымыз жетер еді. Бірақ мамырда жұдырықтасу — біз үшін үлкен тәуекел. Чемпиондық жекпе-жекке Шавкат жүз пайыз дайындықпен келуі керек. Қауіпке баруға болмайды. Оның үстіне, біз бәрібір чемпионмен жекпе-жекке шығамыз. Қалай болғанда да!», — деді Базров. 



Күн шежіресі
1 г. 4 м. 16 д. 20 ч. 29 м. 32.136 с.