logo

Жалғас Жұмағұлов: Гойти Дазаев тәжірибе жинады, ол Бикревті мерзімінен бұрын жеңуі керек

Жалғас Жұмағұлов: Гойти Дазаев тәжірибе жинады, ол Бикревті мерзімінен бұрын жеңуі керек

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов 21 ақпанда өтетін Fight Night 126 турниріндегі Дмитрий Бикрев пен қазақстандық Гойти Дазаев арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Sport+.  

«Барлығы Гойтидің күресі мықты екенін біледі, өткен жолы оған сәл ғана жетпей қалды. Қазір ол тәжірибе жинады. Оған қоса, ол „Ахмат“ клубында жаттығады, онда мықты спарринг серіктестері мен білікті бапкерлер бар. Гойти Бикревті мерзімінен бұрын жеңуі тиіс», — деді Жұмағұлов.

34 жастағы Дазаев пен 39 жастағы Бикрев арасындағы алғашқы жекпе-жек төрт жыл бұрын өткен. Олар 2021 жылдың сәуірінде Мәскеуде өткен Fight Nights лигасының жүзінші мерейтойлық турнирінде жұдырықтасқан. Кештің басты кездесуінде Дмитрий техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, өз титулын екінші рет қорғаған болатын.  

Sport+ Fight Night 126 турнирін тікелей эфирде телеарна мен sportplustv.kz сайтында көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sport Plus Qazaqstan (@spq_news)