Гойти Дазаев: Жеңілгеннің айтары аз болады

Қазақстандық файтер Гойти Дазаев, Дмитрий Бикревпен болған жекпе-жекте нокаутпен жеңілгеннен кейін, өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Әзірге айтатын ештеңе жоқ. Жеңілгеннің айтары аз болады. Қазір демалып, қорытынды шығарамыз, видеоны талдаймыз, содан кейін жаңа мақсаттарға ұмтыламыз. Бұл жерде көп сөздің қажеті жоқ… Диманы кезекті жеңісімен, титулын қорғауымен құттықтаймын», — деді 34-жасар қазақстандық жауынгер.
21 ақпанда Сочиде өткен турнирде ресейлік Дмитрий Бикрев Дазаевты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.