DAR Team — NAIZA командалық гран-приінің жеңімпазы

NAIZA 71 турнирі аясында Қостанайда лиганың командалық гран-при финалы өтті, деп хабарлайды Sport+.
Ең мықты команда атағы мен 50 миллион теңге жүлдесін алу үшін «DAR Team» мен «Arlan MMA Kostanay» командалары сынға түсті.
Финалда «DAR Team» өкілдері 13:3 есебімен жеңіске жетіп, NAIZA командалық гран-приінің жеңімпазы атанды.