Шавкат Рахмонов UFC алаңына қашан оралатынын айтты

UFC спортшысы Шавкат Рахмонов «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатта UFC алаңына оралуын сөз етті:
«Өзім де қайта келгім келеді. Тек жарақаттарды емдеп, дайын болу керек. Барлығы жағдайға байланысты. Әрине, бірден титулға таласқым келеді, бірақ бәрі уақыт еншісінде. Қарсылас кім болмасын, қашан да дайын болу керек. Ең бастысы жарақаттан айығып алсам, осы жылы төбелескім келеді»