logo

Али Багов Тимур Серікұлы туралы: Бұл мүлде басқа Акула болады

Али Багов Тимур Серікұлы туралы: Бұл мүлде басқа Акула болады

ACA ұйымының файтері Али Багов Sport+ сайтына берген сұхбатында жеңіл салмақтағы NAIZA лигасының чемпиондық белдігіне үміткер Тимур Серікұлының дайындығын бағалады.

Қос жауынгер бірге жаттығу жиындарын өткізуде:

— Тимурдың тынысы жақсы, төзімділігі артқан. Тік тұрып айқасуда өзін өте жақсы сезінеді. Партерді де жақсарттық. Менің ойымша, ол жақсы жекпе-жек көрсетеді. Бұл — мүлде басқа «Акула» болады. Алла қаласа, ол өз белдігін алады. Қалғанын уақыт көрсетеді, дейді ғой. Қазір ол жақсы формада, салмақ қууда. Ең бастысы — жарақатсыз. Қалғанының бәрі — ұсақ-түйек.

Тимур Серікұлы мен Тамерлан Саралапов арасындағы жекпе-жек жеңіл салмақтағы NAIZA белдігі үшін өтеді және 28 маусым күні Семей қаласындағы турнирдің басты айқасы болмақ.

Турнирді толықтай тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.



1 г. 5 м. 20 д. 3 ч. 7 м. 57.344 с.