«Alash Pride» чемпионы «Rizin-мен» келісімшартқа отырды

«Alash Pride» лигасының чемпионы Нұрхан Жұмағазы Азияның ең мықты лигаларының бірі — «Rizin» лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.
Жұмағазының рекорды — 9 жеңіс, 1 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегін ол Астанада өткен «Alash Pride» 108 турнирінде өткізіп, Клеверсон Силваны нокаутпен жеңді.
«Alash Pride-тан» бөлек, ол UAE Warriors лигасында да жекпе-жек өткізген.
«Rizin» лигасымен Нұрханнан бөлек, оның клубтасы Даутбек Қаршыға да келісімшартқа отырған. Ол 70 келі салмақ дәрежесінде лига белдігіне басты үміткер саналады.