«Оқжетпес» капитанынан айырылды
«Оқжетпес» футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшаларында команда капитаны Оралхан Өміртаевтың тізе байламдарының жарақатына байланысты ұзақ уақытқа қатардан шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Жақын арада Оралхан толық медициналық тексеруден өтіп, ота жасату үшін Германияға аттанады. Отадан кейін футболшы оңалту кезеңінен өтеді.
Осы маусымда Өміртаев 25 матч өткізіп, 9 гол соқты.