Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Словакия құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+. 

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының сапында Рамазан Кәрімов гол соқты.

Осылайша, екі турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 1 ұпай бар. Алда Ван 'т Схип шәкірттерін Молдова және Фарер аралдары құрамаларына қарсы өз алаңындағы екі матч күтіп тұр.