Джон ван ’т Шкип: Словакияға қарсы ойынға үлкен сеніммен келдік
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы Словакияға қарсы өтетін ойыналды баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
— Топтағы екінші ойынымызды өткіземіз. Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы матчтан кейін, енді Молдованы жеңген Словакиямен қонақта ойнаймыз. Топтың фаворитіне қарсы сырт алаңда ойнау оңай болмайтынын білеміз. Словакияның фаворит екені анық. Оның үстіне, біздің топтағы рейтингі ең жоғары команда да — осы Словакия.
Сондықтан ойынға жақсы дайындалуымыз керек. Бірақ Фарер аралдарындағы матчтан кейін өзімізге деген сеніміміз арта түсті, команданың көңіл-күйі де өте жақсы. Қазір қалпына келу процесі жақсы өтіп жатыр. Командада айтарлықтай мәселе жоқ. Бүгін кешкі жаттығудан кейін барлық ойыншы ертеңгі матчқа толық дайын болады деп ойлаймын. Словакияның Молдоваға қарсы ойынындағы маңызды сәттерді қарап шықтым. Олардың ойын стилін жақсы білеміз. Молдоваға қарсы матчта да өздерінің әдеттегі футболын ойнады.
Әсіресе алдыңғы шепте және қорғаныстан шабуылға шыққан кезде қауіпті ойыншылары бар. Жалпы, олар командалық тұрғыда жақсы ойнайды. Бірақ біздің де өз мүмкіндігіміз бар. Сондықтан алдағы ойынды асыға күтіп отырмыз, — деді Джон ван ’т Шкип.