Анастасия Ананьева слаломды есуден Азиадада Қазақстанға екінші медальді сыйлады

Анастасия Ананьева слаломды есуден Азиадада Қазақстанға екінші медальді сыйлады

Қазақстандық спортшы Анастасия Ананьева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломды есу жарысында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ананьева әйелдер арасындағы бір адамдық каноэ жарысының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 127,32 секундта бағындырып, үшінші орын алды.

Қытай өкілі Хуан Цзюань 114,84 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Ал Таиланд спортшысы Атчарапорн Дуанглава 125,85 секунд көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.