Александр Коробов слаломды есуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Александр Коробов слаломды есуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Александр Коробов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломды есу жарысында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Коробов ерлер арасындағы бірлік-байдарка жарысының финалында өнер көрсетіп, қашықтықты 94,48 секундта бағындырды. Осы нәтижесімен үшінші орынға ие болды.

Жарыста Қытай өкілі Ху Чжаошань 91,41 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Ал жапониялық Юки Танака 92,87 секунд көрсетіп, күміс медаль иеленді.