Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жеңіл атлет  Кристина Овчинникова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз биіктікке секіруден ақтық сында бақ сынады. Кристина өзінің үздік мүмкіндігінде 187 см биіктікке секіріп, екінші орын алды.

Өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева алтын медаль жеңіп алды — 190 см. Үндістан өкілі Пуджа үшінші орынға ие болды — 184 см.

Қазақстандық Надежда Дубовицкая 184 см биіктікті бағындырып, бесінші орынға ие болды.