Дамир Исмагулов Алан Патрикті жеңгені жайында: Бірінші раундта бір көзім көрмей тұрды

ММА файтері Дамир Исмагулов Sport+ телеарнасына берген сұхбатта Астанадағы Alash Pride турнирінің басты жекпе жегіндегі бразилиялық Алан Патрикпен кездесуі жайында айтты:
«Жалпы бәрі ойдағыдай болды, тек алғашқы раундта бір ғана ыңғайсыз сәт болды – қарсыласым көзімді шұқып алды. Бірінші раундта бір көзім мүлдем көрмей тұрды, екіншіде бұлдырай бастады, жалпы бұйырғаны болды. Өте тартысты өнер көрсеткіміз келді, алайда аңшылық сезім оянып, жекпе жекті соңына дейін жеткізу мақсаты болды. Оған қоса рефери бізді тым ұзақ ұстады, одан еретерек тоқтату керек еді. Соңында қатты ұрмадым, рефери тоқтату керек деп айтып жатты. Ең бастысы жеңіске жеттім»