Әділжан Сандыбеков Хейбати–Тажиев жекпе жегі жайында: Санжарға жеңіс тілеймін, біздің реванштың ауылы алыс емес

Әділжан «Адос» Сандыбеков Sport+ телеарнасына берген сұхбатта Семейдегі NAIZA лигасы аясында өтетін Мухаммед Хейбати мен Санжар Тажиев кездесуі жайында пікірін білдірді:
«Хейбати - поп мма әлеміндегі танымал есім. Оған қарсы аренаға шығу — медиа мәселесінде ілгері қадам, спортшы ретінде де жаман емес. Санжарға жеңіс тілеймін! Қалай болғанымен өз жерлесімізге тілектеспіз. Бірақ біздің реванштың да ауылы алыс емес»
«Адос» соңғы жекпе жекте Санжарға жеңілген еді. Ол кезде Сандыбековтың қабағы жарылғаннан төрешілер кездесуді тоқтатты.
NAIZA турнирі 28 маусым күні өтеді, тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.