logo

Бобур Абдулазизов Исмагұловтың бұрынғы қарсыласымен жекпе-жек өткізетін болды

Бобур Абдулазизов Исмагұловтың бұрынғы қарсыласымен жекпе-жек өткізетін болды

Түркістанда өтетін «Alash Pride» турнирінде 77 келі салмақтағы лига чемпионы белбеуінің алғашқы қорғанысы өтеді. Бұл белбеу қазіргі таңда Бобур Абдулазизовқа тиесілі, деп хабарлайды Sport+.

Бобурдың қарсыласы — бразилиялық Обердан Виейра Тенорио болмақ. Ол Alash Pride лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде Дамир Исмагұловтан жеңілген болатын.

Бұған дейін Бобур уақытша чемпион атағына ие болған. Алайда Ансар Қасымжанов лигадан кеткеннен кейін, Абдулазизов толыққанды чемпион атанды.

«Alash Pride» 109 турнирі 26 маусым күні өтеді. Тікелей эфир Sport+ арнасында көрсетіледі.