«Қасқырлар» өз алаңында «Тобылды» тоқтатуға тырысады: «Қайсар» – «Тобыл» матчының тікелей эфирі

Қазақстан чемпионатының 12-туры аясында Қызылорданың «Қайсар» командасы өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.
Кейбір негізгі ойыншыларының жарақатына байланысты құрам жағынан әлсіреген «Қайсар» азулы қарсыластан ұпай еншілеуге ұмтылады. Бүгінгі кездесуге түрлі жарақаттарына байланысты қорғаушы Қуаныш Қалмұратов, капитан Думан Нәрзілдаев және шабуылшы Айбар Жақсылықов қатыспауы мүмкін.
Құрама командалар арасындағы үзілістен кейін «Тобыл» жаңа серпінмен маусымды жалғастыруға дайын. Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттері сырт алаңда жеңісті жолын жалғастыруға ниетті.
Матчтың басталу уақыты – 20:00. Тікелей көрсетілім Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube желісіндегі Sportplus_qaz арнасында қолжетімді.