Андрей Шутов ҚХЛ-дың үздіктер рейтингіне енді (видео)
«Барыс» қақпашысы Андрей Шутовтың өз алаңында «Авангардқа» қарсы өткен матчтағы сейві Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) аптадағы үздік үш сейвінің қатарына енді, деп хабарлайды Sport+.
Аталған кездесуде «Барыс» 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ал аптаның ең үздік сейві тағы бір қазақстандық қақпашы Джелал-Ад-Дин Әмірбековке тиесілі болды. Оның «Адмирал» сапында «Металлургқа» қарсы матчта жасаған сейві үздік деп танылды. Бұл кездесуде «Адмирал» жеңіске жетті.