Ринат Алюетовтың турдың орталық матчындағы дебюті. «Ертіс» – «Каспий» матчының тікелей эфирі

13 маусымда Бірінші лиганың 9-турының орталық матчы аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Бірінші лиганың турнирлік кестесінде көш бастап тұрған «Каспий» командасын қабылдайды.
Бұл кездесуге қызығушылықты жаңа бапкер Ринат Алюетовтің қатысуы арттыра түседі. Біріншіден, бұл — Алюетовтің «Ертіс» командасындағы бас бапкер ретіндегі алғашқы матчы. Екіншіден, оның бапкер ретіндегі соңғы клубы дәл осы «Каспий» болған еді.
Айта кетейік, ақтаулық команда Павлодарға үш жеңістен тұратын сериямен келіп отыр. Осы үш матчта олар қарсыластарына жауапсыз 8 гол соқты.
Матч Павлодар қаласының орталық стадионында сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-арнасындағы sportplus_qaz парақшасынан көруге болады.