Қазақстан құрамасы Македонияға жол берді

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы «Астана Арена» стадионында Солтүстік Македония құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
Матч нәтижесі — 1:0 қонақтардың пайдасына. Жалғыз голдың авторы — македониялық шабуылшы Александр Трайковски.
Осы жеңістің арқасында македондықтар топтық кестеде көш бастады. Қазақстан құрамасының еншісінде 3 ұпай қалды.