«Ақтөбе» командасынан тағы бір легионер кетуі мүмкін

Сербиялық шабуылшы Джордже Ивкович «Ақтөбе» командасымен қош айтысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
29 жастағы шабуылшы Джордже Ивкович Ақтөбе клубынан кетуге жақын тұр. Клубтың басшылығы мен бапкерлік штабы ойыншының нәтижелілігіне көңілі толмайды — ол Қазақстан чемпионатының 8 ойынында тек бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Болжам бойынша, серб ойыншысы трансферлік терезе ашылар алдында «қызыл-ақ» командадан кетеді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында «Ақтөбе» Панама құрамасының шабуылшысы Фредди Гандоламен келісімшартты бұзғанын хабарлаған болатын.