logo

«Елімайдан» тағы бір легионер кетті

«Елімайдан» тағы бір легионер кетті

Румыниялық жартылай қорғаушы Эдуард Флореску «Елімай» футбол клубындағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

27 жастағы футболшы қысқы оқу жаттығу жиында Семейлік ұжымға қосылып, 10 ресми ойын өткізіп, 1 гол авторы атанды.

Қос тараптың келісімі бойынша Флореску «Елімай» сапында мансабын жалғастырмайды. Келешекте оған сәттілік, жаңа жетістіктер тілейміз.



Күн шежіресі