Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасының сапында соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Асхат құрама сапында 63 матч өткізіп, 3 гол соққан.
«Бұл — менің Ұлттық құрамадағы соңғы ойыным. Өзім солай шештім. 2014 жылы алғашқы ойыныма шықтым. Осы 11 жылда мені қолдап келе жатқан жанкүйерлерге көп рахмет! Ұлттық құраманың бір бөлігі және капитаны болғаныма өте қуаныштымын. Хейтерлар бүгін қуанып жатқан шығар. Олар: жастарға орын беріңдер! деді. Әрине, мен де жастарға сенемін. Жастар құраманың әлем чемпионатына шығарады деген үміттемін!», — деді Тағыберген Солтүстік Македониямен ойыннан соң.