Ринат Алюетов — «Ертістің» жаңа бас бапкері атанды

Павлодардың «Ертіс» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.
«Ринат Алюетов — „Ертіс“ ФК бас бапкері. Ресми түрде», — деп жазылды дереккөзде.
Естеріңізге сала кетсек, Алюетов «Жетісу Б» командасы жетекшілігінен бастаған. Одан кейін Ринат Мұратұлы ҚПЛ-дағы бас команда «Жетісуды» басқарды. Одан бөлек «Тұран», «Жеңіс», «Елімай» сынды командаларда да қызмет атқарған. Оның соңғы жұмыс орны «Каспий» болған еді. Қазақстандық маман өткен жылдың соңынан бері жұмыссыз.
Еншісінде 18 ұпай бар Павлодар клубы Қазақстанның Бірінші лигасында екінші орында тұр.
Естеріңізге сала кетсек, «Ертіс» — Қазақстанның бес дүркін чемпионы.